Қазақстан мен Пәкістан дәрігерлер мен мейіргерлерді бірлесіп даярлайды

Қазақстан мен Пәкістан медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде. Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астана медицина университеті мен Пәкістанның білім беруді мақсатты қаржыландыру қоры PAK-EEF өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат болашақ дәрігерлер мен мейіргерлерді халықаралық стандарттарға сай даярлауды, бірлескен ғылыми жобаларды дамытуды, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыруды көздейді.

Ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Пәкістанның федералдық білім беру және кәсіптік оқыту жөніндегі мемлекеттік министрі Ваджиха Камар талқылады.

– Біз халықаралық ынтымақтастықты жаңа буын мамандарын даярлаудың аса маңызды құралдарының бірі деп санаймыз. Бүгінде Қазақстанның медициналық университеттері әлемдік білім беру кеңістігіне белсенді кірігіп, ғылыми ынтымақтастықты дамытып, шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді, – деді Ақмарал Әлназарова.

Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанның білім беруді мақсатты қаржыландыру қорына гуманитарлық грант бөлу туралы шешіміне ерекше назар аударылды. Бұл бастама білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жұмыстың мүмкіндіктерін кеңейтті.

Астана медицина университеті қазірдің өзінде Пәкістанның жетекші медициналық университеттерімен және клиникаларымен ынтымақтастық орнатқан. Жаңа меморандум бұл жұмысты келесі деңгейге шығаруға тиіс.

Тараптар дәрігерлер мен мейіргерлерді даярлау бағдарламаларын дамытып, студенттер, оқытушылар мен сарапшылар алмасуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырмақ.

– Астана медицина университетінің заманауи білім беру және клиникалық базасы, мықты профессор-оқытушылар құрамы және халықаралық жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар. Бұл мамандарды үздік әлемдік стандарттарға сай даярлауға мүмкіндік береді, – деп қорытындылады Ақмарал Әлназарова.

Новые статьи

Су тасқынына дайындық қазір жүргізілуде

ШҚО-да 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне кешенді дайындық жалғасуда. Елді мекендерді су басу қаупін азайтуға бағытталған 2026 жылға арналған инженерлік жұмыстар жоспары әзірленіп, бекітілді. Биыл...

Подготовка к паводкам проводится уже сейчас

В ВКО продолжается комплексная подготовка к паводковому периоду 2027 года. Разработан и утвержден План инженерных работ на 2026 год, направленный на снижение рисков подтопления...

Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлер саны 150 мыңға жуық адамға өсті

Қазақстанда ресми жұмыс істеп, әлеуметтік кепілдіктерге ие азаматтар көбейіп келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жалдамалы жұмыскерлер саны 150 мыңға жуық адамға артты. Жұмыспен...

Число наемных работников в Казахстане выросло почти на 150 тысяч

В Казахстане растет число граждан, которые работают официально и получают социальные гарантии. По итогам первого квартала 2026 года количество наемных работников увеличилось почти на...