Бұғатталған шоттар ШҚО жастарын бейресми жұмысқа «итермелеп» отыр

Несие жүктемесінің жоғары болуы Шығыс Қазақстандағы 21 мен 35 жас аралығындағы жастардың ресми жұмысқа орналасқысы келмеуінің бір себебіне айналды.

ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жастардың едәуір бөлігінің мерзімі өткен берешегі бар. Оларға қатысты атқарушылық іс жүргізу қозғалып, банк шоттары бұғатталған.

Ресми жұмысқа орналасқан жағдайда жұмыс беруші атқарушылық құжаттар негізінде жалақының бір бөлігін ұстап қалуға міндетті. Соның салдарынан қызметкердің қолына тиетін табыс азаяды.

Сондықтан көптеген жас бейресми жұмыс істеуді таңдайды. Бұл оларға атқару парақтары бойынша қаражат ұсталмай, табысын толық алуға мүмкіндік береді. NEET санатындағы жастардың әлеуметтік портреттерінде 664 адамның бейресми жұмыс істейтіні көрсетілген. Сауалнама жүргізілген кезде дәл осынша адам ресми жұмыс істеуге ниет білдірмеген.

Осылайша тұйық шеңбер қалыптасады. Қарыз адамды ресми жалақыдан бас тартуға итермелейді, ал жұмыспен қамту жүйесі оны ресми жұмысқа орналасқысы келмейтін азамат ретінде тіркейді.

Басқарма әлеуметтік портреттер жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және кәсіпкерлік белсенділікті қолдаудың атаулы шараларын әзірлеуге көмектеседі деп есептейді.

Новые статьи

Связь времен и традиций: чем удивляет Музей истории Департамента полиции ВКО

История органов внутренних дел Восточного Казахстана — это не просто свод архивных документов, а летопись судеб людей, выбравших своим главным призванием служение закону, защиту...

ШҚО-да жұмыспен қамту қалай қаржыландырылады?

2026 жылы Шығыс Қазақстан облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға 8 969 миллион теңге бөлінді. 1 шілдедегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 2...

Как ВКО финансирует занятость?

На реализацию мер содействия занятости в Восточно-Казахстанской области в 2026 году выделено 8 969 миллионов тенге. По состоянию на 1 июля согласно плану финансирования...

Қазақстан мен АҚШ әуежайлар қауіпсіздігін нығайтуға келісті

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) басшылығымен және Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті. Қатысушылар бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарып, авиациялық...