«Бәйтерек» қытайлық инвесторлардың металлургия жобаларына кешенді қолдау ұсынды

Астанада түсті металлургияны орнықты дамыту жөніндегі Қазақстан–Қытай форумы өтті. Екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары, салалық бірлестіктері мен ірі компаниялары жаңа өндіріс орындарын ашу, заманауи технологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Форумды Қазақстан мен Қытайдың ірі салалық компанияларының қатысуымен Қытайдың түсті металлургия өнеркәсібі қауымдастығы ұйымдастырды. «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ атынан басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы қатысты. Оның айтуынша, Қазақстан тек капитал тартуға емес, жаңа буын инвестицияларына, яғни заманауи өндірістер құруға, технологияларды жергіліктендіруге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға мүдделі.

Холдинг жобаларды инвестициялық идеядан бастап кәсіпорынды іске қосуға дейінгі барлық кезеңде сүйемелдеуге дайын. Яғни инвесторларға әдемі таныстырылым мен нық қол алысу ғана емес, нақты қаржы құралдары да ұсынылады.

– Бүгінде «Бәйтерек» холдингі инвестицияларды белсенді тартуға бағытталған жаңа модель бойынша жұмыс істейді. Біз инвесторларға жобаны құрылымдаудан және оңтайлы қаржы моделін қалыптастырудан бастап, қаржы тарту мен оны іске асыруды сүйемелдеуге дейінгі кешенді шешімдер ұсынуға дайынбыз. Мұндай тәсіл тау-кен металлургиясы саласындағы ірі жобаларды тиімді жүзеге асыруға және ұзақмерзімді серіктестік орнатуға мүмкіндік береді, – деді Жандос Шайхы.

Форум қатысушыларына Қазақстанның инвестициялық экожүйесі, холдингтің қаржы құралдары және тау-кен металлургиясы кешеніндегі ірі жобаларды қаржыландыру тәжірибесі таныстырылды.

Инвесторлар ұзақмерзімді несиеге, жабдық лизингіне, капиталға қатысуға, кепілдіктерге және экспорттық тәуекелдерді сақтандыруға жүгіне алады. Әр жобаның қаржы моделі оның ерекшеліктері ескеріле отырып, жеке әзірленеді.

Қатысушылар экологиялық тұрғыдан орнықты шешімдерге, заманауи технологияларды енгізуге және түсті металлургия саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды.

Форумға China Minmetals, Chinalco, Zijin Mining, Baiyin Nonferrous Group, Jinchuan Group, Jiangxi Copper Corporation, China ENFI Engineering Corporation және CMOC Group секілді Қытайдың ірі компанияларының өкілдері қатысты.

Қатысушылар форумның өткізілуін Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің кеңеюімен байланыстырды. Олардың бағалауынша, мемлекеттер басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, өндірістерді жергіліктендіруге, технологиялар трансферіне және Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешеніне инвестиция тартуға қосымша мүмкіндік береді.

Новые статьи

Казахстан и США договорились укреплять безопасность аэропортов

В Авиационной администрации Казахстана прошла встреча с руководством Программы экспортного контроля и безопасности границ (EXBS) и представителями посольства США в Республике Казахстан. Участники подвели итоги...

ШҚО-да жыл басынан бері мемлекетке келтірілген шығынның 2,1 млрд теңгесі қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың басынан бері мемлекетке келтірілген 2,1 млрд теңге көлеміндегі шығын өтелді. Сонымен қатар күдіктілердің мүлкі мен ақшалай қаражатына тыйым салынды....

В ВКО с начала года государству возмещен ущерб на 2,1 млрд тенге

В Восточно-Казахстанской области с начала 2026 года государству возмещен ущерб на 2,1 млрд тенге. Эти средства удалось вернуть в рамках расследования экономических преступлений, также...

Екі қазақстандық Токиодағы каратэ турнирінде алтын мен күмісті иеленді

Қазақстан құрамасы Токиода аяқталған шинкиокушинкай каратэден беделді халықаралық «Чемпиондар чемпионы TOP-9» турнирінде екі медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы бәсекеде Анджей Кинзерский барлық қарсыласын жеңіп, турнир...