Қазақстандық өнерпаздар «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде екі жүлде иеленді

Қазақстандық әншілер Ақерке Амалят пен Жасмина Түзелова XXXV «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өткен ән байқауларында жүлдегер атанды.

Ақерке Амалят «Витебск-2026» XXXV халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында І орынды жеңіп алды. Екі күнге созылған байқау қорытындысы бойынша өнерпаз 134 ұпай жинады. Биылғы додаға 19 елдің орындаушылары қатысты.

Қазақстан қоржынына тағы бір жүлдені 13 жастағы Жасмина Түзелова салды.
Жас өнерпаз «Витебск-2026» XXIII халықаралық балалар ән байқауында ІІ дәрежелі диплом иегері атанып, жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті.

Жасмина Түзелова авторлық ән жазуға арналған арнайы сертификатқа да ие болды. Бұл марапатты халықаралық қазылар алқасының мүшесі, латвиялық композитор Гайтис Лазданс тағайындады.

Эстрадалық ән орындаушылардың халықаралық байқаулары дәстүрлі түрде «Витебскідегі Славян базары» фестивалі аясында өткізіліп, әр елден келген жас өнерпаздардың басын қосатын беделді алаңға айналған.

Новые статьи

552 выпускника колледжей вошли в категорию NEET в Восточном Казахстане

Большая часть опрошенной молодежи категории NEET в Восточно-Казахстанской области имеет профессиональное образование. Самую крупную группу составляют обладатели дипломов колледжей. Из 937 молодых людей, на...

Қазақстандықтардың 93 пайызы елдегі этносаралық ахуалды оң бағалайды

Қазақстанда этносаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде этносаралық келісім...

93% казахстанцев позитивно оценивают межэтническую ситуацию в стране

В Казахстане последовательно проводится государственная политика, направленная на укрепление межэтнического согласия, общественной стабильности и единства народа. Глава государства Касым-Жомарт Токаев подчеркивал, что межэтническое согласие и...

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы ҚР Қызыл кітабына енген қарақұйрықтар фототұзақ кадрында

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануар – қарақұйрық (Gazella subgutturosa) тіркелді. Қарақұйрық – шөл және...