Өскеменде полицейлер 1,3 тоннадан астам заңсыз алкоголь өнімін тәркіледі

Өскемен қаласы Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Бұл жұмыс құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және заңсыз кәсіпкерлік қызметтің жолын кесуге бағытталған.

Ағымды жылдың басынан бері полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 34 фактісінің жолын кесті. Заңсыз айналымнан 1 тонна 311 литр спиртті өнім тәркіленді. Барлық құқық бұзушылар мемлекеттік тіркеусіз және қажетті рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі сипатқа ие. Мәселен, 2025 жылы полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 21 фактісін анықтап, заңсыз айналымнан 825 литр спиртті өнімді тәркілеген болатын. Ал 2024 жылы 26 фактінің жолы кесіліп, 650,5 литр тәркіленген еді.

Анықталған фактілердің едәуір бөлігі Асқартау көшесіне тиесілі. Жыл басынан бері бұл көшеде алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 16 фактісінің жолы кесіліп, заңсыз айналымнан 1 тонна 272 литр спиртті өнім алынды.

Заңнамада көзделген барлық процестік іс-шаралар аяқталғаннан кейін тәркіленген спиртті өнім белгіленген тәртіппен жоюға жатады.

Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды дер кезінде анықтау үшін профилактикалық іс-шаралар күн сайын жүргізіледі. Ерекше назар аударуды талап ететін орындарда патрульдік полиция нарядтары күнделікті қызмет атқарады.

Сондай-ақ Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі арқылы жедел жағдайға мониторинг жасалып, түскен хабарламаларға дер кезінде ден қоюға және қолданыстағы заңнама аясында шара қолдануға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілері туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады. Әрбір өтініш тексеріліп, ақпарат расталған жағдайда заңда көзделген шаралар қабылданады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...