1 800-ден астам тұрғын полициямен кездесуге қатысты

Шығыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында «Аулалардағы қабылдау» республикалық акциясы жалғасуда. Оның басты мақсаты — тұрғындарға полиция қызметкерлеріне тікелей жүгінуге, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алуға және қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпке қатысты тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беру.

Акцияның алғашқы екі күнінде халықпен 71 жиын ұйымдастырылды, оның ішінде 23-і қалаларда және 48-і ауылдық елді мекендерде өткізілді. Кездесулерге 1 800-ден астам тұрғын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық қатысты.

Ашық диалог барысында 128 өтініш пен ұсыныс түсті. Тұрғындар көбінесе қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, елді мекендерді абаттандыру және басқа да өзекті тақырыптарды көтерді. Әрбір өтініш бойынша қажетті түсініктемелер беріліп, қосымша қарауды талап ететін мәселелер жұмысқа алынды.

Акция барысында профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылуда. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі жедел жағдай туралы хабардар етіп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, оның ішінде масаң күйдн жасалатын әрекеттердің алдын алу шаралары, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы еске салады.

«Аулалардағы қабылдау» акциясы 26 шілдеге дейін жалғасады. Мұндай қарым-қатынас форматы азаматтардың өтініштеріне дер кезінде ден қоюға, халықпен өзара іс-қимылды нығайтуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...