Тарбағатай ауданында полицейлер тіркелмеген қаруды тәркіледі

 

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Тарбағатай ауданының полиция қызметкерлері атыс қаруын заңсыз сақтау дерегін анықтады.

Тұғыл ауылының тұрғынын тексеру барысында полицейлер оның тұрғылықты жерінен тіркелмеген 12 калибрлі «ИЖ-43» маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын анықтап, тәркіледі.

Аталған қарудың ер адамға қайтыс болған ағасынан мұра ретінде қалғаны белгілі болды. Алайда ол заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмей, талаптарды бұза отырып сақталған.
Тәркіленген қару сақтауға өткізіліп, қазіргі уақытта қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтық қару иелері заңнама талаптарына сәйкес оны тіркеу және сақтау ережелерін қатаң сақтауға міндетті екенін еске салады. Егер сізге қаруды, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды заңсыз сақтау фактілері белгілі болса, бұл туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

Новые статьи

Қазақстан мен ФАО үш жобаны іске қосады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) елімізде үш стратегиялық жобаны іске қосады. Олар топырақтағы көміртекті мониторингтеуге, жасанды...

Казахстан и ФАО запускают три проекта

Министерство сельского хозяйства РК и Продовольственная и сельскохозяйственная организация ООН (ФАО) запускают в Казахстане три стратегических проекта. Они затронут мониторинг почвенного углерода, борьбу с...

Қазақстан аграршылары ӘКК арқылы мемлекеттік кепілдікпен несие ала алады

Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы мемлекеттік кепілдікпен несие ала алады. Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру тетігіне қатысатын...

Аграрии Казахстана смогут получать займы под государственную гарантию через СПК

Казахстанские сельхозтоваропроизводители смогут получать кредиты под государственную гарантию через социально-предпринимательские корпорации. Министерство сельского хозяйства расширило перечень организаций, которые участвуют в механизме гарантирования займов для...