ШҚО-ның үш ардагері «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталды

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының ардагерлер қауымдастығының үш өкілі «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» атты дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша өтті. Кездесуге ұйымның орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов, ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ардагерлер бірлестіктері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Құрмет белгісі» төсбелгісімен:

Катонқарағай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Қызыров;

Глубокое аудандық ардагерлер кеңесіне қарасты Краснояр ауылдық округінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Нина Ершова;

Ұлан аудандық ардагерлер кеңесіне қарасты Аблакет ауылдық округінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Әлімхан Оразаев марапатталды.

Нұрымбет Сақтағанов аға буынның өңірдің қоғамдық өміріне қосып жүрген үлесін атап өтті.

– Ардагерлер – елдің берекесі мен бірлігінің, сабақтастық пен даналықтың алтын көпірі. Сіздердің өмірлік ұстанымдарыңыз, қажырлы еңбектеріңіз бен өнегелі жолдарыңыз өскелең ұрпақ үшін әрдайым үлгі, – деді облыс әкімі.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер ұйымы 130 мыңнан астам адамды біріктіреді. Қалалар мен аудандарда 500-ге жуық бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Олар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға атсалысады.

Сонымен қатар өңірде 175 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Онда зейнеткерлер дене шынықтырумен айналысып, спорттық, би және шығармашылық үйірмелерге қатысады, жаңа білім алып, белсенді өмір салтын ұстанады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...