Қазақстан мен Польша көпірлерді цифрлық жобалауды бірге дамытады

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» Польшаның бейінді ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр. Тараптар цифрлық жобалауды бірлесіп дамытуға, зерттеулер жүргізуге және көпір саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіруге келісті.

Негізгі серіктестердің бірі Польшаның Instytut Badawczy Dróg i Mostów жолдар мен көпірлер ғылыми-зерттеу институты болады. Мамандар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, пилоттық жобаларды іске қосып, нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеуді жоспарлап отыр. Үлгілік көпір конструкцияларына ерекше назар аударылады. Оларды әзірлеу кезінде Қазақстанның климаттық, геологиялық және пайдалану ерекшеліктері ескеріледі.

«ҚазжолҒЗИ» көпір құрылыстарын жобалауға маманданған польшалық Mosty Gdańsk Sp. z o.o. компаниясымен де меморандумға қол қойды. Тараптар BIM-технологияларды енгізуге, цифрлық модельдер жасауға, көпірлерді бірлесіп жобалауға және техникалық-сараптамалық қолдау көрсетуге уағдаласты.

Ақпараттық модельдеу технологияларын жобалаудың барлық кезеңінде қолдану жоспарланып отыр. Цифрлық модельдер инженерлік шешімдердің сапасын арттырып, құжаттарды дайындау кезінде қателік жіберу ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар бұл тәсіл инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тиімділігін арттыруы тиіс.

Қазақстандық және польшалық мамандар көпірлердің техникалық жағдайын тексеру мен бақылаудың заманауи әдістерін де енгізбек. Тараптар жасанды құрылыстарды бүкіл пайдалану мерзімі бойы басқару мәселесімен айналысып, мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады.

«ҚазжолҒЗИ» Польша ұйымдарымен ынтымақтастық халықаралық тәжірибені Қазақстан жағдайына бейімдеуге мүмкіндік береді деп есептейді. BIM-технологияларды, заманауи тексеру әдістерін және жаңа нормативтік тәсілдерді енгізу көпірлерді жобалау, салу және пайдалану сапасын арттыруы тиіс.

Новые статьи

ШҚО-ның үш ардагері «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталды

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының ардагерлер қауымдастығының үш өкілі «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталды. Марапаттау рәсімі «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық...

Трех ветеранов ВКО наградили почетным знаком «Құрмет белгісі»

В Усть-Каменогорске трех представителей ветеранского сообщества Восточно-Казахстанской области наградили почетным знаком «Құрмет белгісі» центрального совета РОО «Организация ветеранов». Награждение прошло по итогам круглого стола «Преемственность...

Ардагерлер отбасылық және ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жеті бастама ұсынды

Өскеменде «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов, Шығыс Қазақстан облысының...

Ветераны представили семь инициатив для укрепления семейных и национальных ценностей

В Усть-Каменогорске прошел круглый стол «Преемственность поколений и национальные ценности» с участием председателя центрального совета республиканского общественного объединения «Организация ветеранов» Абильгазы Кусаинова, акима Восточно-Казахстанской...