Қазақстанда 127 мың талапкер білім грантына үміткер

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш берді. Бұл былтырғыдан 14 мыңға көп. 2025 жылы комиссия 113 мың өтініш қабылдаған. Биыл бакалавриатта білім алуға 75 мыңнан астам грант бөлінді.

Гранттардың басым бөлігі, яғни 60%-ы инженерлік мамандықтарға бағытталды. Тағы 20%-ы педагогикалық бағыттарға қарастырылған. Қалған 20%-ы еңбек нарығының сұранысы ескеріле отырып, өзге салалар арасында бөлінді.

Талапкерлердің таңдауы бірнеше жылдан бері айтарлықтай өзгермей келеді. Ең көп өтініш «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарына түсті. Бір грантқа ең жоғары конкурс болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтер мен мұғалімдер арасында болады деп күтілуде.

Грант тағайындау туралы шешімді республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері кіреді.

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...