Энергетика министрлігінде Корея Республикасының Елшісімен энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжон Кихонмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар мұнай-газ және электр энергетикасы салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Кездесуде ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапары аясында қол қою көзделіп отырған Мұнай саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ кореялық компаниялардың Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысу перспективалары талқыланды. Энергетика министрлігі кореялық компанияларды 2035 жылға дейінгі электр энергетикасы саласын дамыту жоспары аясында жұмыс істеп тұрған энергетикалық нысандарды жаңғырту және жаңа генерациялау қуаттарын салу жобаларына инвесторлар және EPC-мердігерлер ретінде қатысуға шақырды.

Кездесу барысында Түркістан облысындағы бу-газ электр станциясының құрылысы жобасының іске асырылу барысы қаралды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалғасып жатқаны, негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу толық аяқталғаны және құрылыс алаңында 2 100-ден астам маманның еңбек етіп жатқаны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және энергетика саласындағы технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.

Новые статьи

Қазақстан пойыздарында спутниктік интернет енгізіліп жатыр

Қазақстанда жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен жабдықтау жалғасып жатыр. Көлік министрлігі тасымалдаушыларға жұмысты жеделдетіп, пойыздарды осы жылдың соңына дейін интернетке қосуды аяқтауды тапсырды. Бұл мәселе әлеуметтік...

В казахстанских поездах внедряют спутниковый интернет

В Казахстане продолжают оснащать пассажирские поезда спутниковым интернетом. Перевозчикам поручили ускорить работу и завершить подключение составов до конца текущего года, сообщили в министерстве транспорта. Вопрос...

ШҚО-да 937 жастың 664-і бейресми жұмыс істейді

Шығыс Қазақстан облысындағы NEET санатындағы жастардың әлеуметтік портреттері тосын жайтты көрсетті: тізімдегі жастардың көбі іс жүзінде жұмыс істейді. Бір бөлігі ресми түрде еңбек етсе,...

В ВКО из 937 молодых людей 664 трудятся неофициально

Социальные портреты молодежи категории NEET в Восточно-Казахстанской области показали неожиданную деталь: многие молодые люди из списка фактически работают. Просто часть делает это официально, а...