Биылғы 25 тамызда күшіне енетін «Жол жүрісі туралы» заңдағы бұл өзгеріс туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Енді 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексеруден өтуге міндетті. Жүйеде медициналық тексеруден өткені туралы растау болмаса, көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылады.
– Міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында автоматты түрде беріледі. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде медициналық тексеруден өткені және көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ екені расталмаса, көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылады, – делінген Polisia.kz хабарламасында.

