Облыс орталығында биыл 60 шақырымға жуық автомобиль жолы жөнделеді.
Жол саласын қаржыландыру көлемі екі есе ұлғайтылды. Бүгінде 42 учаскеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
– Биыл 39 учаскеде қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Ал 45 мың шаршы метр аумақта шұңқырлар жөнделеді. Сондай-ақ 4,7 шақырым тротуар салынады, – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Барлық жұмыс қала әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Сонымен қатар биыл атқарылған жөндеу жұмыстарына берілетін кепілдік мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды.

