ШҚО-ның 1 503 тұрғыны жарты жылдан астам уақыт жұмыссыз ретінде есепте тұр

Шығыс Қазақстан облысында 1 503 адам алты айдан астам уақыт бойы жұмыссыз ретінде есепте тұр. Олар басым санаттағы жұмыссыздар қатарына жатқызылғанымен, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен небәрі 59 адам қамтылған.

Олардың 33-і тұрақты жұмысқа орналасты, 23 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілді. Тағы үш адам кәсіптік оқуға жолдама алды.

Бұдан бөлек, 542 адам мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілместен есептен шығарылған. Тағы 902 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен мүлде қамтылмаған.

Алайда Электрондық еңбек биржасына тіркелгендердің бәрі бірдей жұмыс іздеп жүрген жоқ. Қолдау шараларымен қамтылмаған 902 адамның 483-і жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін тіркелген. Тағы 42 адам медициналық қызмет алу, бір адам білім беру саласындағы жеңілдіктерді пайдалану, төрт адам несие мерзімін ұзарту үшін есепке тұрған.

Тікелей жұмысқа орналасуды қажет ететіндер саны – 372 адам. Олардың арасында 15 пен 35 жас аралығындағы 81 жас бар.

Новые статьи

65 жастан асқан жүргізушілер көлік басқару үшін медициналық тексеруден өтуге міндетті

Биылғы 25 тамызда күшіне енетін «Жол жүрісі туралы» заңдағы бұл өзгеріс туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады. Енді 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер...

Водители старше 65 лет обязаны проходить медосмотр для управления транспортом

О данном изменении в законе «О дорожном движении», который вступает в силу с 25 августа этого года, проинформировало Министерство внутренних дел РК. Теперь водители водители...

Көлікті мас күйде басқардыңыз ба? Жүргізу құқығынан 8 жылға айырыласыз

«Жол жүрісі туралы» заңда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтілді. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда да жүргізуші...

Пьяный за рулем? Лишение прав на 8 лет без исключения

Законом «О дорожном движении» усилена ответственность за управление транспортным средством в состоянии алкогольного, наркотического или токсикоманического опьянения: даже в случае прекращения уголовного дела в...