Семейде сіріңкемен ойнаған 6 жасар бала көлікті өртеп жіберді

Семей қаласында сіріңкемен ойнаған баланың ата-анасы көлігі өртенген жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелмек.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері 352-квартал көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған автокөліктің отқа орану себебін анықтады.

— Тексеру барысында тәртіп сақшылары оқиға орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді. Нәтижесінде өрт шықпас бұрын көліктің жанында үш кәмелетке толмаған баланың болғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, 6 жасар бала сіріңке жағып ойнап, көліктің жанындағы құрғақ шөпті тұтатқан. Жалын тарала бастағанда балалар қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл жайт кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен алынған түсініктемелер барысында да расталды, — делінген ақпаратта.

Енді баланың ата-анасы автокөлік иесіне келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттеледі.

Новые статьи

Қазақстан құрамасының мүшесі үйінде сирек кездесетін 35 жыртқыш құс ұстаған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті сирек кездесетін жыртқыш құстарды заңсыз сатып алып, ұстады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынға қатысты тергеуді аяқтады. Тінту...

Өскеменде 60 шақырымға жуық жол жөнделеді

Облыс орталығында биыл 60 шақырымға жуық автомобиль жолы жөнделеді. Жол саласын қаржыландыру көлемі екі есе ұлғайтылды. Бүгінде 42 учаскеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. – Биыл 39...

В Усть-Каменогорске отремонтируют почти 60 километров дорог

В областном центре в этом году отремонтируют почти 60 километров автомобильных дорог. Объём финансирования дорожной отрасли увеличен в два раза. На сегодняшний день средний ремонт...

Член сборной Казахстана содержал дома 35 редких хищных птиц

Департамент АФМ по Павлодарской области завершил расследование в отношении местного жителя, которого подозревают в незаконном приобретении и содержании редких хищных птиц. Во время обыска...