Үкімет автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қойып, қолданылатын отандық материалдар түрлерін кеңейтеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының автомобиль өндірісін локализациялауды тереңдету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бір ай ішінде елімізде автобөлшектер өндірісін құру жоспарын әзірлеуді тапсырды.

— Елімізде заманауи талаптарға сай келетін автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою – маңызды бағыт. Ол үшін қосалқы бөлшектер өндірісінде қолданылатын отандық материалдардың түрлерін кеңейту қажет. Мәселен, Қарағанды облысындағы Qarmet компаниясы автобустар мен жүк көліктері үшін арнайы болат маркаларын шығаруда. Келесі кезеңде жеңіл автомобильдерге арналған болат өндірісін қолға алу қажет. Сонымен қатар мыс, алюминий, хромды терең өңдеу, резеңке, пластик, кабель және басқа да өнім түрлерін дамыту саласында да үлкен әлеует бар.Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне салалық кәсіпорындармен бірлесіп, бір ай ішінде автобөлшектер өндірісін құру бойынша тиісті жоспарды әзірлеуді тапсырамын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Новые статьи

Сдерживание инфляции и новые рабочие места: что обсудили на заседании акимата ВКО

Сегодня под председательством акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова прошло заседание акимата. В нем приняли участие акимы городов и районов, руководители областных управлений и департаментов....

Инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу: ШҚО әкімдігі отырысында не айтылды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы...

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...