Дамуға бастар шақырымдар: Шығыс Қазақстанда жолдарды жаңарту жалғасуда

Дамыған жол желісі – бұл жай ғана қолайлы қатынас емес, экономикалық өсудің, туризмді дамытудың, инвестициялық тартымдылық пен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізі. Сондықтан көлік инфрақұрылымын жаңғырту Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді.

Өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5,2 мың шақырымды құрайды. Оның 1,2 мың шақырымы республикалық, 1,6 мың шақырымы облыстық және тағы 2,4 мың шақырымы аудандық маңызы бар жолдарға тиесілі. Күрделі жер бедері, температура күрт құбылатын қатал климат және ауыр жүк көліктерінің қарқынды қозғалысы жол желісін дамыту мен күтіп ұстауға жүйелі көзқарасты талап етеді.

2026 жылы 630 шақырым автомобиль жолы мен көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның 330 шақырымы республикалық трассаларға, 300 шақырымы жергілікті жолдарға тиесілі.

Елді мекендерді, туристік бағыттарды, шекара маңындағы аумақтар мен ірі экономикалық орталықтарды байланыстыратын негізгі жолдарға ерекше назар аударылып отыр. Биыл Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары, Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясының шекарасы, сондай-ақ Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ірі жобалардың бірі – Өскемен – Алтай – Рахман қайнары тасжолындағы Осинов асуын қайта жаңғырту. Айналма жолдың құрылысы аяқталды. Қазір жер жұмыстары жүргізіліп, Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір салынып жатыр. Жоба аяқталғаннан кейін бұл бағыт қауіпсіз, жылдам әрі қолайлы болмақ.

Жергілікті жол желісі де қарқынды жаңартылып жатыр. Өскемен – Тарғын – Самар, Күршім – Қалжыр, Васильевка – Бозанбай, Көкпекті – Самар – Васильев өткелі, Октябрь өткелі – Алтайка – Ново-Хайрузовка, Ақсуат – Бәкей – Қарасу – Ақжар, Үлкен Нарын – Күршім бағыттарында, сондай-ақ елді мекендерге кіреберіс жолдарда жұмыстар жүргізілуде. Бұл тұрғындар үшін көлік қатынасының жақсаруын, жол жүру уақытының қысқаруын және бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктердің ашылуын білдіреді.

Жол инфрақұрылымын дамыту – жаңа асфальт төселген шақырымдардан әлдеқайда ауқымды жұмыс. Бұл – өңірдің болашағына салынған инвестиция. Заманауи жолдар бизнес пен туризмнің дамуына ықпал етеді, шалғай ауыл тұрғындарының медициналық көмек пен білімге қолжетімділігін арттырады, экономикалық байланыстарды нығайтып, Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын күшейтеді.

Жолдың әрбір жаңа учаскесі – Шығыс Қазақстанды өмір сүруге қолайлы, инвесторлар үшін тартымды және еліміздің ең көрікті өңірлерінің бірін танығысы келетіндер үшін қолжетімді ету жолындағы тағы бір қадам.

Новые статьи

Сдерживание инфляции и новые рабочие места: что обсудили на заседании акимата ВКО

Сегодня под председательством акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова прошло заседание акимата. В нем приняли участие акимы городов и районов, руководители областных управлений и департаментов....

Инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу: ШҚО әкімдігі отырысында не айтылды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы...

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...