Локализациялау деңгейін тереңдету және қосылған құны жоғары өнім шығару: Премьер-министр Qarmet компаниясынның автомобиль болаты жобасын қолдады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында локализациялау қарқынын арттыру, оның ішінде жеке автокөлік брендтерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бұл экономиканың дамуы үшін де,

Қазақстанның беделін арттыру тұрғысынан да маңызды. Премьер-министр отандық автомобиль болат өндірісін игеру жобасының стратегиялық маңыздылығын баса айтты.

— Негізгі міндет – құнның барынша көп бөлігін ел ішінде сақтау үшін локализациялау деңгейін барынша тереңдету. Мемлекеттік қолдауы және бизнестің белсенді қатысуымен осы бағытта, соның ішінде өзіміздің автомобиль брендтерімізді дамыту бойынша жүйелі жұмыс істеуіміз керек. Бұл экономика тұрғысынан да, еліміздің беделін арттыру тұрғысынан да өте маңызды. Біз бірлесіп жақсы нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Автомобиль болаты өндірісі стратегиялық маңызға ие. Сондықтан бұл (автомобиль болаты өндірісі бойынша) жобаны, сондай-ақ Qarmet компаниясын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын қолдаймыз. Мұнда болат зауыты мен автомобиль өнеркәсібі арасында тиімді ықпалдастық қалыптасып отыр. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі, — деп атап өтті Премьер-министр.

Новые статьи

Сдерживание инфляции и новые рабочие места: что обсудили на заседании акимата ВКО

Сегодня под председательством акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова прошло заседание акимата. В нем приняли участие акимы городов и районов, руководители областных управлений и департаментов....

Инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу: ШҚО әкімдігі отырысында не айтылды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы...

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...