Қазақстанда автоөнеркәсіпті үш негізгі бағыт бойынша дамыту жоспарлануда

Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін үш негізгі бағыт таңдалды: олар – өндірісті одан әрі кеңейту, азаматтардың автокөлік сатып алуы мен оны пайдалануға қолайлы жағдай жасау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева мәлімдеді.

Оның айтуынша, саланы дамытудың келесі кезеңі автомобиль кластерлерін қалыптастыру болады. Тәсіл ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен кооперациясын күшейтуге, өндірістік шығындарды азайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және отандық автомобильдердің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Екінші маңызды бағыт – автокөлік сатып алуға арналған заманауи қаржы құралдарын дамыту. Бүгінгі күні, азаматтарымыз ескі көлігін жаңартуға немесе жаңа көлікке ауыстыруға мүмкіндік беретін түрлі құралдар бар. Атап айтсақ, автонесие, trade-in бағдарламасы және лизингтік қаржыландыру тетіктері бар.

Үшінші бағыт – ішкі нарықты қорғау. Өнеркәсіпте көлік құралдарын заңсыз әкелуге қарсы күресті күшейту, елге әкелінгенге дейін де автомобильдерді тексеру үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын пайдалануды кеңейту қажет. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және адал бәсекелестік үшін тең жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Осы үш бағытты жүзеге асыру автокөлік саласының тұрақты дамуына, елдің инвестициялық тартымдылығын нығайтуға және қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті автокөлік өнеркәсібін қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Новые статьи

Сдерживание инфляции и новые рабочие места: что обсудили на заседании акимата ВКО

Сегодня под председательством акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова прошло заседание акимата. В нем приняли участие акимы городов и районов, руководители областных управлений и департаментов....

Инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу: ШҚО әкімдігі отырысында не айтылды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы...

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...