Олжас Бектенов Қазақстанда электромобильдер шығару жобасын жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов отандық автокөлік өнеркәсібін дамытуда әлемдегі жетекші электромобиль өндірушілерімен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұловтың BYD компаниясымен ынтымақтастық туралы ақпаратын тыңдаған Олжас Бектенов Үкіметтің Қазақстанда электромобильдер шығаратын зауыт ашуға мүдделі екенін баса айтты.

— Биыл BYD автобустарын өндіру мәселесін пысықтап жатырмыз. Шанхайда делегация құрамында BYD компаниясымен кездестік. Жеңіл автокөліктерге келетін болсақ, біз бұл тапсырманы қарастырдық. Келесі жылы BYD өндірісін игереміз деп жоспарлап отырмыз. Себебі BYD бірегей автомобильдер шығаратын компания. Олар электр қуатымен жүретін гибридті және толық электрлі көліктер өндіреді. Уақтылы берген тапсырма үшін алғыс айтамын. Компаниямыз тұтынушыларының және экономикамыздың барлық талабы мен сұраныстарына сай болу үшін BYD автокөліктерін өндіруді игеруі қажет, — «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов.

Премьер-министр қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растап, жобаны жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды.

— Біз Қазақстанда BYD электромобильдер шығаратын зауыттың ашылуына мүдделіміз. Үкіметтен қажетті қолдау көрсетіледі, осы жобаны жүзеге асыруды жеделдетуді сұраймын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінде BYD Қазақстандағы жаңа энергия көздерін пайдаланатын автомобильдер нарығында жетекші орынға ие. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында аталған брендтің 2 мыңнан астам көлігі, соның ішінде 795 электромобиль сатылды. Жыл соңына дейін дистрибьютор сатылым көлемін 6500 автокөлікке дейін, ал 2027 жылы 12 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Новые статьи

Сдерживание инфляции и новые рабочие места: что обсудили на заседании акимата ВКО

Сегодня под председательством акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова прошло заседание акимата. В нем приняли участие акимы городов и районов, руководители областных управлений и департаментов....

Инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу: ШҚО әкімдігі отырысында не айтылды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы...

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...