Қазақстанда «Астана» брендімен автобустар шығарыла бастайды

Қазақстанда отандық автокөлік техникасының түрлері кеңейтіліп, жаңа көлік құралдарының өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді.

– Кәсіпорынның негізгі жобаларының бірі – «Астана» атты өз брендімен автобустар шығару. Бұл автобустар Қытайдың технологиялық серіктестерімен бірлесіп әзірленген, әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері пайдаланылады. Сонымен қатар автобустардың дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер тікелей қатысты. Автобустар Қазақстан аумағында өндіріледі,– деді Нұрлан Смағұлов.

Оның айтуынша, дизельді және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі биыл қараша айында басталады. Сонымен қатар BYD компаниясымен бірлесіп жаңа аккумуляторлық батареяларды қолданатын электр көліктерінің желісі әзірленуде. Ал «Астана» маркалы электр автобустарының өндірісін 2027 жылдың наурыз айында бастау жоспарланып отыр.

Новые статьи

Сдерживание инфляции и новые рабочие места: что обсудили на заседании акимата ВКО

Сегодня под председательством акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова прошло заседание акимата. В нем приняли участие акимы городов и районов, руководители областных управлений и департаментов....

Инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу: ШҚО әкімдігі отырысында не айтылды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы...

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...