Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 171 мыңнан астам автокөлік шығарылды

Қазақстанда автомобиль жасау саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10 мың адамнан асады. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

— Соңғы бес жылда салаға 457 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Өткен жылы 171 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты, — деді министр.

Оның айтуынша бұл оң динамика биыл да сақталуда. Осы жылдың алты айында 94 400 көлік шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға жоғары. Биылғы жоспар – өндіріс көлемін 11%-ға арттырып, 190 мың көлік шығару.

— Саланың одан әрі дамуы инженерлік әлеует пен білікті кадрларға тікелей байланысты. Осы мақсатта кәсіпорындар инженерлік құзыреттерді дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға жүйелі түрде инвестиция салуда. Бұл жұмыс жоғары оқу орындары және колледждермен бірлесіп, дуальды оқыту бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өңірлерге мамандарды тарту үшін еңбек жағдайы мен әлеуметтік қолдау күшеюде. Корпоративтік кампустар мен жатақханалар салынып, жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, — деді министр.

Новые статьи

Сдерживание инфляции и новые рабочие места: что обсудили на заседании акимата ВКО

Сегодня под председательством акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова прошло заседание акимата. В нем приняли участие акимы городов и районов, руководители областных управлений и департаментов....

Инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу: ШҚО әкімдігі отырысында не айтылды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы...

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...