Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

Елімізде архив ісінің дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Тарихи құжаттарды сақтау, қалпына келтіру және цифрлық форматқа көшіру жұмыстары да қарқын алды.

Ал биыл Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің ашылғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде архив Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңіне қатысты құнды құжаттарды жинақтайтын, сақтайтын және ғылыми айналымға енгізетін еліміздегі іргелі мекемеге айналды.

Бүгінде Ұлттық архив қорында 404 950 сақтау бірлігі жинақталған. Сондай-ақ 16 миллион кадрдан тұратын сақтандыру қоры жасақталған. Архив 278 ұйыммен тұрақты байланыс орнатқан.

Қорды толықтырумен қатар, архивтің цифрлық әлеуеті де артып келеді. Цифрланған құжаттардың үлесі 3 пайыздан 26 пайызға дейін көбейіп, электрондық форматқа 110 миллионнан астам бет көшірілді. Архивте ірі форматтағы құжаттарды цифрлауға арналған зертхана жұмыс істейді. Сонымен бірге миллиондаған материалдың арасынан қажетті мәліметті санаулы секунд ішінде табуға мүмкіндік беретін интеллектуалды іздеу жүйесі енгізілген.

Мекемеде Қазақстандағы алғашқы автономды және интернет желісіне қосылмаған электрондық оқу залы да ашылған. Бұл зерттеушілердің цифрлық құжаттармен қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, архив қорындағы деректердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Тарихи мұраны сақтауға да айрықша көңіл бөлінеді. Архив ғимаратында 19 арнайы архив қоймасы, климаттық бақылау және газбен өрт сөндіру жүйелері, цифрландыру мен реставрация зертханалары жұмыс істейді. Кейінгі үш жылдың өзінде мамандар 1 447 тарихи құжатты қалпына келтірді.

Ұлттық архив ғылыми-әдістемелік орталық қызметін де атқарады. Мұнда Мемлекеттік қор каталогы жүргізіліп, архив ісіне қатысты нормативтік құжаттар әзірленеді, ғылыми кеңестер ұйымдастырылады. Мемлекеттік тарих институтымен бірлесіп «Ғылыми зертхана» жобасы жүзеге асырылып келеді. Кейінгі үш жылда республика көлемінде 20-ға жуық ғылыми-тәжірибелік семинар өткен. Ұлттық архив жанындағы Біліктілікті арттыру орталығы мыңнан астам маманға сертификат табыстады.

Жас ұрпақтың тарихқа қызығушылығын арттыру бағыты да назардан тыс қалған емес. «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күндері тұрақты өткізіліп келеді. Соның нәтижесінде жобаға қатысатын жастардың саны 500-ден 2 мың адамға дейін артты. Ал Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп «Қазақстан тарихы» кабинеті ашылды.
Қоғамдық маңызы бар цифрлық жобалар да кезең-кезеңімен дамып келеді. Өткен жылдан бері Ұлттық архив «Мәңгілік жадымызда – Вечная память» порталын жүргізеді. Бүгінде онда 705 мыңнан астам майдангер туралы мәлімет жинақталған.

Жыл сайын архив 200-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара ұйымдастырып, жинақтар, фотоальбомдар мен әдістемелік басылымдар шығарады. Сонымен қатар халықаралық байланыс та нығайып келеді. Ұлттық архив ICA EURASICA халықаралық ұйымының мүшесі ретінде Ресей, Өзбекстан, Түркия, Эстония, Франция, Сауд Арабиясы және өзге де елдердің архив мекемелерімен әріптестік байланыс орнатқан.

Новые статьи

Капитан полиции из ВКО завоевал золото Всемирных игр кочевников

Капитан полиции Достан Ошабаев, сотрудник управления административной полиции департамента полиции Восточно-Казахстанской области и член спортивного клуба МВД РК «Арлан», стал победителем соревнований по перетягиванию...

В Астане прошла конференция трансплант-координаторов со всей страны

В Астане состоялась ежегодная республиканская конференция трансплант-координаторов, организованная Республиканским центром координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг. Встреча проводится в рамках кураторского сопровождения специалистов из...

ШҚО-дағы Герасимовка ауылында жер үй құрылысы қарқынды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Герасимовка ауылында салынған тұрғын үйлерге барды. Мұнда 2022-2025 жылдары...

Производство фармпродукции в Казахстане выросло на 37% за три года

Объем производства фармацевтических предприятий Казахстана за последние три года увеличился на 37% и достиг 191 млрд тенге. Рост сохраняется и в текущем году. За первое...