Қазақстандық оқушылар Халықаралық биология олимпиадасында 1996 жылғы рекордты қайталады

Қазақстан құрамасы Вильнюсте өткен 37-ші Халықаралық биология олимпиадасында (International Biology Olympiad) үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Байқау 12–19 шілде аралығында өтті. Оған 84 елден 330-дан астам дарынды жас биолог қатысты. Қазақстандық оқушылар күрделі теориялық тапсырмалар мен зертханалық практикумдарды сәтті орындады.

Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар облысындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Қайыркен Ерсұлтан, Алматы қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Аширханов Алихан және Алматы-Медеу NIS мектебінің 11-сынып оқушысы Желтова Софья күміс медаль иеленді.

Қола медальді Қарағанды қаласындағы NIS мектебінің 11-сынып оқушысы Меженина Евгения жеңіп алды.

Бұл нәтиже Қазақстан құрамасына 1996 жылы тіркелген Халықаралық биология олимпиадасындағы үздік жетістігін қайталауға мүмкіндік берді. Сөйтіп, рекордтың қайталануын тура 30 жыл күтуге тура келді. Биологияның ұзақ үдерістерді ұнататыны белгілі.

Оқушыларды халықаралық жарысқа Nazarbayev University өкілі Лейла Аскарова, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының әдіскері Ильяс Сакимов, Nazarbayev University зертханасының үйлестірушісі Садыкова Камиля және Астана медицина университетінің студенті Динмухаммед Уразбаев дайындады.

Халықаралық биология олимпиадасы 1990 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан оған 1994 жылдан бастап қатысады. 2025 жылы ұлттық құрама төрт қола медаль жеңіп алса, 2026 жылы нәтижесін үш күміс және бір қола жүлдеге дейін жақсартты.

Осылайша, қазақстандық оқушылар әлемдік додада дайындық деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Новые статьи

Сдерживание инфляции и новые рабочие места: что обсудили на заседании акимата ВКО

Сегодня под председательством акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова прошло заседание акимата. В нем приняли участие акимы городов и районов, руководители областных управлений и департаментов....

Инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу: ШҚО әкімдігі отырысында не айтылды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы...

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...