Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды

Алматы облысының Қарасай ауданында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автомобиль жолының 19–27 шақырым аралығын қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын дамыту және автомобиль жолдарының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев, Алматы облысы әкімдігінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Қарасай ауданы әкімдігінің, мердігер ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жобаның техникалық параметрлерімен танысқаннан кейін құрылыс техникасы жер жұмыстарына кірісті.

Қайта жаңғыртылатын жол учаскесі республикалық жол желісіндегі ең қарқынды қозғалыс жүретін бағыттардың бірі саналады. Бұл жолмен тәулігіне 70 мыңнан астам автокөлік қатынайды. Қазіргі төрт жолақты жолдың өткізу қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, көлік кептелісі жиі туындап, қозғалыс жылдамдығы төмендейді және Алматы қаласы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік байланысына кері әсерін тигізуде.

Жолды кеңейту оның өткізу қабілетін арттырып, жол жүру уақытын қысқартады, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай қалыптастырады.

Жоба аясында жолдың жүріс бөлігі төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Сонымен қатар, «таға» үлгісіндегі екі жолайрық, тоғыз жерүсті жүргіншілер өткелі салынып, жол бойына тротуарлар мен заманауи сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бұдан бөлек, газ құбырлары, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және байланыс желілері қайта жаңартылып, жолға жаңа күрделі үлгідегі жабын төселеді. Жоба 2026 жылдың сәуір айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.

Бұл жол учаскесін жаңғырту – Алматының көлік жүйесін кешенді дамыту жұмыстарының бір бөлігі. Қазіргі уақытта қалада Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін созылатын алты радиалды жол мен жеті магистральдық көшені салу және ұзарту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар метро, LRT және SkyTrain жүйелері қатар дамытылып жатыр.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Алматы қаласына кіреберіс және шығаберіс бағыттардағы көлік жүктемесін азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және қала мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсарту көзделіп отыр. Сонымен қатар жоба Қазақстан мен Қырғызстанды байланыстыратын халықаралық көлік дәлізін дамытуға, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...