Өскемендік зияткер халықаралық химия олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айзере Жеңісханова Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен Халықаралық химия олимпиадасында (IChO 2026) алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның мерейін үстем етті.

Әлемдегі ең беделді пәндік білім додаларының бірі саналатын олимпиадаға биыл 90-нан астам мемлекеттен 350-ден астам дарынды оқушы қатысты. Қатысушылар теориялық білімдерімен қатар күрделі тәжірибелік жұмыстарды орындап, ғылыми мәселелерді шешу қабілеттері бойынша сынға түсті.

Айзере Жеңісханова Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Айта кету керек, Айзере үшін бұл Халықаралық химия олимпиадасындағы алғашқы жетістік емес. Ол бұған дейін де әлемнің үздік жас химиктері бақ сынайтын додаға екі рет қатысып, бір күміс және бір қола медаль иеленген болатын. Ал биылғы алтын медаль – оның халықаралық олимпиадалардағы қажырлы еңбегі мен жүйелі дайындығының заңды нәтижесі.

Дарынды оқушының жетістігіне жетекшілік етіп, халықаралық деңгейдегі дайындық жұмыстарына үлес қосқан тәлімгері – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі Жанар Семейханқызы.

Айзеренің бұл жеңісі – жеке жетістік қана емес, қазақстандық білім беру жүйесінің, дарынды жастарды қолдау бағытындағы жұмыстың және Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі сапалы білімнің жарқын көрінісі.

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы Айзере Жеңісханова мен оның жетекшісі Жанар Семейханқызын халықаралық жеңісімен құттықтап, алдағы білім және ғылым жолындағы жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді.

Новые статьи

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...

Аким ВКО поручил готовить регион к морозной зиме

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов поручил уже сейчас начать полноценную подготовку региона к предстоящей зиме. По его словам, она может оказаться затяжной и морозной,...

Шығыс Қазақстанда Oskemen Open 2026 халықаралық шахмат турнирі өтіп жатыр

Облыс орталығында Oskemen Open 2026 халықаралық шахмат турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық шахмат жарыстарының бірі саналады. Биылғы турнирге әлемнің...