Қазақстанда креативті индустрия өкілдеріне арналған бірыңғай QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа цифрлық платформа креаторларға мемлекеттік қолдау тетіктерін бір жүйе арқылы пайдалануға мүмкіндік береді.

Платформа жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына арналған. Олардың қатарында авторлар, дизайнерлер, суретшілер, фотографтар, музыканттар, қолөнершілер және өзге де креаторлармен қатар, шығармашылық студиялар, бірлестіктер, агенттіктер, продюсерлік орталықтар мен креативті индустрия саласында жұмыс істейтін ұйымдар бар.

Енді креативті индустрия өкілдері www.qazaqculture.com порталындағы QazaqCreative бөлімі арқылы тіркеліп, жеке кабинетін ашып, платформадағы цифрлық сервистерді пайдалана алады.

Тіркеуден өткен пайдаланушылар өз профилін басқаруға, жобалары мен көрсететін қызметтері туралы ақпарат орналастыруға, хабарламалар алуға және мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуға өтінім береді.

QazaqCreative платформасында грант бағдарламалары, жобаларды қаржыландыру тетіктері, білім беру және акселерациялық бағдарламалар, консультациялық, сараптамалық, ақпараттық әрі цифрлық қолдау құралдарына дейінгі ақпарат ұсынылады. Сондай-ақ пайдаланушылар байқауларға, питчинг сессияларына, форумдарға, көрмелерге және өзге де салалық іс-шараларға қатыса алады.

Платформаға тіркелу үшін www.qazaqculture.com порталындағы QazaqCreative бөліміне өтіп, тіркеу нысанын толтырып, қажетті мәліметті енгізу қажет. Модерациядан өткеннен кейін пайдаланушының жеке кабинеті ашылады.

Платформа еліміздегі креаторлардың өнімдері мен қызметтеріне қызығушылық танытқан көпшілікке де арналған.

QazaqCreative платформасы Қазақстанның креативті экономикасының жетілдірудегі бірегей бастама болмақ. Алдағы уақытта Креативті индустрияларды дамыту қоры еліміздегі креаторларды қолдау, шығармашылық кәсіпкерлікті дамыту, саладағы жобаларды ілгерілету және ұлттық креативті индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Новые статьи

Правительство РК обеспечит создание локальной базы автокомпонентов и расширения доли привлекаемых отечественных материалов

Во исполнение поручений Главы государства по углублению локализации автомобильного производства Премьер-министр Олжас Бектенов поручил в месячный срок разработать план по созданию в Казахстане производств...

Қазақстанда автоөнеркәсіпті үш негізгі бағыт бойынша дамыту жоспарлануда

Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін үш негізгі бағыт таңдалды: олар – өндірісті одан әрі кеңейту, азаматтардың автокөлік сатып алуы мен оны пайдалануға...

В Казахстане планируют развивать автопром по трем ключевым направлениям

В Казахстане дальнейшее развитие автомобильной промышленности будет сосредоточено на трех ключевых направлениях: расширении производства, создании благоприятных условий для приобретения и эксплуатации автомобилей гражданами, а...

Бұқтырма жағалауында туристерге қолайлы жағдай жасалып келеді

Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл республикалық бюджеттен квартал ішілік жылу желілерін жаңартуға 5 млрд теңге бөлінді. Ал...