Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде білім беру жобаларын әзірледі

Абай атындағы ҚазҰПУ-да студенттер «AI-Sana» бағдарламасы аясында әзірлеген алғашқы жобаларын таныстырды. Қатысушылар жасанды интеллект технологияларын білімді тексеру, жеке тапсырмалар дайындау, оқу материалдарын жасау және оқу нәтижелерін бағалау үшін қолданған.

Бағдарламаға университеттің 2173 білім алушысы қызығушылық танытты. Конкурстық іріктеуден кейін 979 студент оқуға жіберілді. Интенсивті кезеңді 240 қатысушы сәтті аяқтады.

Курс қорытындысы бойынша студенттер білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған алғашқы жобаларын қорғады.

Математика, физика және информатика факультетінің студенті Нұрай Майлыбай «Зерде AI» платформасын таныстырды. Жүйе жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізеді, бірнеше секунд ішінде оқушылардың қателерін анықтап, дайындық деңгейіне қарай жеке тапсырмаларды автоматты түрде құрастырады.

– Осы бағдарлама арқылы біз, ең алдымен, уақытты тиімді пайдалануды үйрендік. Мен әзірлеген әдістеме әр оқушының қателерін бірнеше секунд ішінде анықтап, білімін жетілдіруге арналған жеке тапсырмалар ұсынады. Мұндай тәсіл мұғалімдердің күнделікті жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді, – деді Нұрай Майлыбай.

Тағы бір жобаны бағдарлама қатысушысы Жайдары Нығметханова таныстырды. Оның «SmartSana» платформасы жасанды интеллект көмегімен пәнаралық байланысты дамытуға, интерактивті білім беру контентін жасауға және оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Платформада көрнекі материалдарды жедел дайындауға, сондай-ақ педагог пен білім алушылар арасындағы кері байланысты жақсартуға арналған құралдар да қарастырылған.

– «AI-Sana» курсы бізге үлкен шығармашылық мүмкіндіктер ашты. Заманауи жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты сапалы жаңа деңгейге көтеруге көмектесетін шешім әзірледім. Бағдарлама оқу нәтижелерін талдауға және әр оқушының даму динамикасын бақылауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Жайдары Нығметханова.

Abai University-де бұл бағдарлама студенттердің цифрлық құзыреттерін дамыту және заманауи технологияларды кәсіби қызметінде қолдана алатын мамандарды даярлау үшін пайдаланылып келеді.

Ұйымдастырушылар «AI-Sana» студенттердің технологиялық сауаттылығын арттырып, инновациялық ойлау қабілетін дамытады және білім беру жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізуге ықпал етеді деп есептейді. Болашақта бұл жасанды интеллекті тыймай, онымен қалай жұмыс істеу керектігін түсінетін жаңа буын педагогтерін даярлауға көмектесуі тиіс.

Новые статьи

Елімізде өндірілген техника өрт қаупі жоғары кезеңде тиімді пайдаланылуда — Олжас Бектенов

QazTehna кәсіпорнында автобус, коммерциялық және арнайы техника өндірісін локализациялау деңгейін екі есеге жуық арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Александр Цой Үкімет...

Произведенная в Казахстане техника активно используется в пожароопасный период

Почти вдвое планируется увеличить уровень локализации производства автобусной, коммерческой и специальной техники на предприятии QazTehna. Об этом на заседании Правительства сообщил генеральный директор компании...

KIA Qazaqstan Қазақстанда автомобиль өндірісін локализациялау деңгейін арттырады

Kia Qazaqstan компаниясы қазақстандық және халықаралық әріптестермен бірлесіп автобөлшектер шығаруды кеңейте отырып, өндірісті локализациялау деңгейін арттыруды жалғастырады. Бұл туралы Үкіметтің отырысында компанияның бас директоры...

KIA Qazaqstan увеличит локализацию производства автомобилей в Казахстане

Компания KIA Qazaqstan продолжит наращивать уровень локализации производства, расширяя выпуск автокомпонентов совместно с казахстанскими и международными партнерами. Об этом на заседании Правительства сообщил генеральный...