ШҚО Қытайға туризм, логистика және өнеркәсіп салаларындағы жаңа жобаларды ұсынды

Шығыс Қазақстан облысы Қытаймен ынтымақтастықты бірнеше бағыт бойынша кеңейтуді көздеп отыр. Жаңа бастамаларды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірге жұмыс сапарымен келген ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Су Фанцюмен талқылады.

Кездесуді ашқан өңір басшысы қонаққа сапары үшін алғыс айтып, Шығыс Қазақстан Қытайды негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

– Біз ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, серіктестікті нығайтуға және туристік байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Әкімнің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы елдегі ірі индустриялық өңірлердің бірі болып қала береді. Мұнда қуатты өнеркәсіп секторы жұмыс істейді. Өндірілген өнімнің едәуір бөлігі экспортқа, соның ішінде Қытай нарығына шығарылады. Енді өңір сауда көлемін арттырумен қатар, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болды. Нұрымбет Сақтағанов облыс кеме қатынасын Қытай мен Ресей арасындағы перспективалы көлік-логистикалық дәліз ретінде қарастыратынын айтты. Сонымен қатар өңір әуе қатынасын ашуды және Майқапшағай аумағындағы көпірді жаңғыртуды немесе жаңа көпір салуды ұсынды.

Тараптар инвестиция мәселесіне де ерекше назар аударды. Облыс әкімі өңірде салықтық жеңілдіктер қарастырылған әлеуметтік-экономикалық аймақ құру жоспарланып отырғанын хабарлады. Ол қытайлық инвесторлар мен бизнес өкілдерін осында жаңа өндіріс орындарын ашуға және бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды. Сондай-ақ өңір бизнесті дамытуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге көмектесетін Қазақстан-Қытай бірлескен жобасын құру мәселесін пысықтап жатыр.

Кездесуде туризм саласы да талқыланды. Шығыс Қазақстан Марқакөл мен Қанас көлдерінің арасында трансшекаралық туристік маршрут ашуды көздеп отыр. Әкімнің айтуынша, бұл бағытты дамыту жөніндегі бастамаларды бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин оларды жүзеге асыруға қарсылық білдірмеген.

Нұрымбет Сақтағанов өңірдің жаңа жобаларға, бірлескен бастамаларға және Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға ашық екенін атап өтті.

Өз кезегінде ҚХР Бас консулы Су Фанцю Қытай мен Қазақстанды ортақ тарих байланыстыратын тату достар әрі көршілер екенін айтты.

– Қытай мен Қазақстан – ортақ тарихы бар тату достар әрі көршілер. Бүгінде серіктестігіміз жаңа деңгейге көтеріліп, алдағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары айқындалды, – деді Бас консул.

Кездесу қорытындысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік және туристік жобаларды дамытуға, сондай-ақ инвестиция саласында бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін растады. Кездесу соңында Нұрымбет Сақтағанов пен Су Фанцю естелік сыйлықтар алмасты.

Новые статьи

KIA Qazaqstan увеличит локализацию производства автомобилей в Казахстане

Компания KIA Qazaqstan продолжит наращивать уровень локализации производства, расширяя выпуск автокомпонентов совместно с казахстанскими и международными партнерами. Об этом на заседании Правительства сообщил генеральный...

Президент тапсырмасын жүзеге асыру: Қазақстанда инженерлік білім берудің жаңа моделі құрылуда

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында автомобиль өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол бүгінгі таңда...

Исполнение поручения Президента: в Казахстане выстраивается новая модель инженерного образования

Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на заседании Правительства доложил о проводимой работе по подготовке инженерных кадров для автомобильной промышленности. Он отметил, что...

Қазақстанда «Астана» брендімен автобустар шығарыла бастайды

Қазақстанда отандық автокөлік техникасының түрлері кеңейтіліп, жаңа көлік құралдарының өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді. –...