Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу қарқыны артты

Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. 2026 жылы Кешенді нысаналы бағдарлама аясындағы негізгі жұмыстардың басым бөлігі жоспардан озық орындалуда.

Бағдарлама еліміздің барлық өңірін қамтиды. Мемлекеттік тапсырма аясында 15 негізгі бағытта, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарының учаскелерінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жол жөндеушілер көлік доңғалағынан пайда болған іздер мен жол бетіндегі тарақ тәрізді кедір-бұдырларды жою жоспарын едәуір артық орындады. Жұмыс көлемі жоспарланған көрсеткіштен бес еседен астамға көбейді. Бүгінде мамандар жол жабынының шамамен 54 мың шаршы метр деформацияланған бөлігін қалпына келтірді.

Шұңқырларды жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Дәстүрлі әдіспен шамамен 217 мың шаршы метр жол жабыны жөнделді. Бұл жоспардың 123%-ын құрайды. Ал бүрку әдісімен 11,7 мың шаршы метр жол қалпына келтіріліп, жоспар 109%-ға орындалды.

Автомобиль жолдарын жабдықтау жұмыстары да кестеден озық жүргізілуде. Жоспардағы 9,6 мыңның орнына жолдарға 11,3 мыңнан астам белгі беру бағаны орнатылды. Жоспар 118%-ға орындалды.

Сонымен қатар жол жөндеушілер шамамен 10 222 қума метр тосқауыл қоршауын орнатып, қалпына келтірді. Бұл бағыттағы жоспар 122%-ға орындалды.

Көктемгі-жазғы жол таңбалары 24,5 мың шақырым автомобиль жолына салынды. Бұл жоспардың 108%-ын құрайды. Бұдан бөлек, мамандар 5235 жол белгісін орнатып, ауыстырды. Жоспарланған жұмыс көлемі 105%-ға орындалды.

Ақылы автомобиль жолдарында да жұмыстар жалғасуда. Бұл учаскелерде 2993 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды. Жоспар 104%-ға орындалды.

Автопавильондар мен демалыс алаңдарын жөндеу жоспары айтарлықтай артық орындалды. Жоспарланған 48 нысанның орнына 128 нысанда жұмыс жүргізілді.

Сондай-ақ ақылы жол учаскелерінде жоспардағы 451-дің орнына 493 километрлік көрсеткіш орнатылды. Жол таңбалары жоспарланған 16,9 мың шақырымның орнына 17,9 мың шақырымға салынды.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...