Қазақстан мен Грузия автотасымалдаушыларға арналған рұқсаттарды электрондық форматқа көшіреді

2026 жылғы 22 шілдеден бастап Қазақстан мен Грузия халықаралық автотасымалдаушыларға арналған рұқсаттарды e-Permit электрондық жүйесі арқылы беріп, өзара алмаса бастайды. Әзірге бұл тетік сынақ режимінде іске қосылады. Тараптар мұндай келісімге Астанада өткен халықаралық автомобиль қатынасы мәселелері жөніндегі Қазақстан-Грузия аралас комиссиясының кезекті отырысында келді.

Электрондық құжат айналымы әкімшілік рәсімдерді қысқартып, тасымалдың ашықтығын арттыруға және жүктерді рәсімдеуді жеделдетуге тиіс. Соның арқасында тасымалдаушылардың қағазбастылығы мен кабинет жағалап күтуі азаяды. Электрондық алмасуға толық көшкеннен кейін Қазақстан мен Грузия рұқсаттарға шектеусіз квота белгілеуге дайын.

Отырысқа қатысушылар екіжақты және транзиттік жүк тасымалы мәселелерін де талқылады. Тараптар тасымал көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтіп, екі елдің халықаралық көлік дәліздеріндегі маңызды рөліне назар аударды.

Автотасымалдаушылардың қазіргі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Грузия 2026 жылға қосымша 6 000 рұқсат алмасады.

2027 жылға арналған алдын ала квота 20 500 бірлік көлемінде келісілді. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 6 000-ға көп. Квотаның ұлғаюы халықаралық автомобиль тасымалының мүмкіндіктерін кеңейтіп, Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамытуға серпін беруге тиіс.

Кездесу қорытындысында тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, екі ел арасындағы автомобиль қатынасын одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

Новые статьи

KIA Qazaqstan Қазақстанда автомобиль өндірісін локализациялау деңгейін арттырады

Kia Qazaqstan компаниясы қазақстандық және халықаралық әріптестермен бірлесіп автобөлшектер шығаруды кеңейте отырып, өндірісті локализациялау деңгейін арттыруды жалғастырады. Бұл туралы Үкіметтің отырысында компанияның бас директоры...

KIA Qazaqstan увеличит локализацию производства автомобилей в Казахстане

Компания KIA Qazaqstan продолжит наращивать уровень локализации производства, расширяя выпуск автокомпонентов совместно с казахстанскими и международными партнерами. Об этом на заседании Правительства сообщил генеральный...

Президент тапсырмасын жүзеге асыру: Қазақстанда инженерлік білім берудің жаңа моделі құрылуда

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында автомобиль өнеркәсібі үшін инженерлік кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол бүгінгі таңда...

Исполнение поручения Президента: в Казахстане выстраивается новая модель инженерного образования

Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на заседании Правительства доложил о проводимой работе по подготовке инженерных кадров для автомобильной промышленности. Он отметил, что...