Өскеменде алғаш рет шекті жол берілетін шығарындылар жобасы әзірленеді

Бұл құжат кәсіпорындар, автокөліктер және жеке сектор атмосфераға қанша зиянды зат шығаратынын көрсетуі тиіс. Бұған дейін өнеркәсіптік қалада мұндай экологиялық есеп жүргізілмеген. Сондықтан әр ластаушы көздің үлесін анықтау қиын болды.

Экологтер жобаның әзірленетіні туралы салалық министрлікпен өткен кеңесте хабарлады. Шекті жол берілетін шығарындылар томында кәсіпорындардың атмосфералық ауаға шығара алатын зиянды заттарының ең жоғары көлемі белгіленеді.

Өскемен үшін бұл мәселенің маңызы зор. Смог әлдеқашан қаланың басты экологиялық проблемасына айналды. Алайда «кім кінәлі және оның үлесі қанша?» деген сұраққа мамандарда нақты жауап болмады. Енді ластаушы көздердің үлесін болжам мен өзара айыптауға емес, нақты сандарға сүйеніп анықтау жоспарланып отыр.

Экологтердің зерттеуіне сәйкес, өткен жылы Өскемен атмосферасына 158 мың тонна зиянды зат шығарылған. Оның жартысынан астамы автокөліктерге тиесілі – 90 мың тонна. Өнеркәсіптік кәсіпорындар 54 мың тонна, ал жеке сектордағы пештер 14 мың тоннадан астам зиянды зат шығарған.

ШЖШ томы тиімді мониторинг жүйесін құруға және қаланың нақты бір нүктесіндегі ауа сапасына әр нысанның қаншалықты әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде тек өнеркәсіптік кәсіпорындар ғана емес, автомобиль жолдары мен жеке үйлер де есепке алынады.

– Қарапайым тілмен айтқанда, атмосфералық ауаға кім қанша шығарындылар шығаратынын түпкілікті анықтаймыз. Автокөліктердің, жеке сектордағы үйлердің және кәсіпорындардың үлесін ажыратамыз. ШЖШ томын әзірлеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Бүгінде Өскемен қаласының әкімдігі осы мәселемен айналысып жатыр, – деді ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Асет Сүлейменов.

Сонымен қатар елдегі 50 өнеркәсіптік кәсіпорын жеке кешенді қорытынды әзірлеуі тиіс. Мұндай құжат әр өндірісті экологиялық жаңғырту жоспарына айналады. Онда шығарындыларға, төгінділерге және қалдықтарды орналастыруға қойылатын талаптар біріктіріліп, кәсіпорында іске асырылатын экологиялық бағдарламалар көрсетіледі.

Кешенді қорытынды 10 жыл бойы қолданылады. Экологтердің пікірінше, жаңа тетік қоршаған ортаның жағдайын жақсартып, өнеркәсіп секторының жұмысын ашық ете түседі. Қалай болғанда да, шығарындыларды жалпылама тұжырымдардың тасасына жасыру әлдеқайда қиындайды.

Кешенді экологиялық рұқсат алмаған кәсіпорындар қоршаған ортаға шығарған эмиссиялары үшін жыл сайын екі есе мөлшерде төлем жасайды. Енді таза ауаға ұмтылысты экологиялық жауапкершілік қана емес, қомақты төлем де ынталандырады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...