Осы аптада өңірде ауа температурасы төмендейді. Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді. Кейбір аудандарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.
– Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз республиканың шығысында ауа температурасы 22–30 градус болса, оңтүстік-шығыс өңірлерде термометр бағаны 27–35 градусқа дейін төмендейді, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Өскеменде 22 шілдеден бастап найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы 24–28 градус, түнде 17–19 градус жылы болады.

