Өскеменде көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтіріледі

Өскеменде көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығына бақылау күшейтіледі. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

1 шілдеден бастап Қазақстанда абаттандырудың жаңа қағидалары күшіне енді. Оған сәйкес, әр кәсіпкер өз нысанынан 5 метр радиустағы аумақтың тазалығын қадағалауға міндетті.

Қоқыс көп жиналған автовокзал маңындағы аумақ ең проблемалы орындардың біріне айналған. Кейбір дүкендердің маңындағы учаскелердің жағдайы да сын көтермейді.

– Біздің басты міндетіміз – айыппұл салу емес, қаланы тұрғындар үшін таза әрі жайлы ету. Сондықтан алғашқы кезеңде кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндіріліп, ескерту жасалады. Талаптарды бірнеше рет бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай 30-дан 100 АЕК-ке дейін жетеді. Кәсіпкерлерді белгіленген талаптарды сақтап, нысанға іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге шақырамын, – деді Алмат Ақышов.

Коммуналдық қызметтер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қоғамдық орындардағы субұрқақтар мен суару жүйелерінің жұмысын тексеру, сондай-ақ жасыл желектердің жағдайын бақылау тапсырылды.

– Бүкіл қала бойынша түгендеу жүргізу керек. Қала жасыл болуы тиіс, көгалдар мен гүлзарлар болуы қажет. Осы мәселені қолға алып, келесі жылы бәрі жұмыс істейтіндей етіңіздер, – деп тапсырды әкім.

Новые статьи

Жаңа Бұқтырма кентінде тұрғындар мен туристер үшін жайлы орта қалыптастырылып жатыр

Жаңа Бұқтырмада соңғы жылдардағы ең ауқымды өзгерістер жүріп жатыр деуге болады. Көркем жағалауы, сұлу табиғаты, ысталған балық пен саяжай өнімдері сатылатын жергілікті базары арқылы...

В поселке Новая Бухтарма создают комфортную среду для жителей и туристов

Новая Бухтарма переживает, пожалуй, самые масштабные изменения за последние годы. Поселок, который давно любят за живописное побережье, красоту природы, местный рынок с копченой рыбой...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 171 мыңнан астам автокөлік шығарылды

Қазақстанда автомобиль жасау саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10 мың адамнан асады. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. — Соңғы...

Свыше 171 тысяч автомобилей выпустили в Казахстане по итогам прошлого года

В Казахстане общая численность занятых в сфере автомобилестроения превышает 10 тысяч человек. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев. —...