Өскемендегі котловандар жағажайын абаттандыру жұмыстары жақын арада аяқталады

Облыс орталығындағы котловандар аумағында орналасқан қалалық жағажайды абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Мұнда тас төсеу жұмыстары аяқталып, санитарлық-гигиеналық модуль, заманауи киім ауыстыратын кабиналар мен демалуға арналған тенттер орнатылды.

Қала әкімі Алмат Ақышов жағажайға барып, шомылу маусымында қауіпсіздіктің қалай қамтамасыз етіліп жатқанын және санитарлық талаптардың сақталуын тексерді.

– Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Құтқарушылардың жұмысы, кезекшілікті ұйымдастыру, аумақтың тазалығы мен санитарлық нормалардың сақталуы ерекше бақылауда. Мұнда алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салатын белгілер орнатылады. Мас күйдегі адамдар анықталған жағдайда полиция жасағы шақырылады. Жағажайда темекі шегуге де тыйым салынған. Ол үшін арнайы орын жабдықталған, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.

Сондай-ақ қала басшысы жағажайда ойын автоматтарының заңсыз орнатылу мәселесін реттеуді, ал коммуналдық қызметтерге демалыс аймағынан қоқысты уақытылы шығаруды тапсырды.

Новые статьи

Жаңа Бұқтырма кентінде тұрғындар мен туристер үшін жайлы орта қалыптастырылып жатыр

Жаңа Бұқтырмада соңғы жылдардағы ең ауқымды өзгерістер жүріп жатыр деуге болады. Көркем жағалауы, сұлу табиғаты, ысталған балық пен саяжай өнімдері сатылатын жергілікті базары арқылы...

В поселке Новая Бухтарма создают комфортную среду для жителей и туристов

Новая Бухтарма переживает, пожалуй, самые масштабные изменения за последние годы. Поселок, который давно любят за живописное побережье, красоту природы, местный рынок с копченой рыбой...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 171 мыңнан астам автокөлік шығарылды

Қазақстанда автомобиль жасау саласында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10 мың адамнан асады. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. — Соңғы...

Свыше 171 тысяч автомобилей выпустили в Казахстане по итогам прошлого года

В Казахстане общая численность занятых в сфере автомобилестроения превышает 10 тысяч человек. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев. —...