Шығыс Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 8 адам суға батты

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері құтқарушылар облыс аумағындағы су айдындарында 1300-ден астам рет рейдке шықты. Соның барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтар анықталды.

– Біздің басты мақсатымыз – азаматтарды жауапкершілікке тарту емес, жазатайым оқиғалардың алдын алу. Су жағасына демалуға келген әр адамның аман-есен үйіне оралғанын қалаймыз, – дейді департамент қызметкерлері.

Су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412-бабы бойынша осы уақытқа дейін 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құтқарушылар тұрғындарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, мас күйде суға түспеуге және шағын көлемді су көліктерімен демалу кезінде міндетті түрде құтқару кеудешесін киюге шақырды.

Новые статьи

В Казахстане запустят производство беспилотных тягачей и трех новых марок авто до 2028 года

В Казахстане расширят линейку выпускаемых машин и активнее начнут внедрять технологии искусственного интеллекта на автозаводах. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и...

Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе отырысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесіне қатысты түзетулер талқыланды

Премьер-министрддің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 22-ші отырысының негізгі тақырыбының бірі – өзін-өзі жұмыспен...

Поправки о статусе самозанятых обсудили на заседании Проектного офиса по внедрению Налогового кодекса

На заседании Проектного офиса по внедрению Налогового кодекса, прошедшего под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина рассмотрели правовой статус самозанятых. Самозанятый –...

Бұқтырмада туристерге жайлы инфрақұрылым қалыптастырылып жатыр

Жаңа Бұқтырма кентінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл республикалық бюджеттен квартал ішілік жылу желілерін жаңартуға 5 млрд теңге бөлінді. Ал 2024 жылы мұнда...