Әрбір осындай санның артында трагедия бар, оны енді түзету мүмкін емес. Судың жанында демалу қауіпсіз болуы үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары күн сайын өңірдің су айдындарында жұмыс істейді. Маусым басталғаннан бері 1300-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, оның барысында демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді, бұзушылықтарды анықтайды және жазатайым оқиғалардың алдын алады.
Су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 21 адам тартылды.
Алайда құтқарушылардың басты мақсаты айыппұлдар емес. Олардың міндеті-суға келгендердің барлығына үйге аман-есен оралуын қамтамасыз ету.
ШҚО ТЖД еске салады:
тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз;
балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
мас күйінде суға түспеңіз;
шағын көлемді кемелерде демалу кезінде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз. Қауіпсіздік жеке жауапкершіліктен басталады.

