ШҚО-да туристік бағыттарға апаратын 215 шақырым жол жаңартылады

ШҚО-да туризмді дамытуға серпін беретін жол жобалары іске асырылып жатыр. Биыл Үлкен Нарын, Бұқтырма су қоймасының жағалауы, Сібе көлдері мен Марқакөлге апаратын автомобиль жолдары ретке келтіріліп жатыр. Жалпы қамтылып отырған учаскелердің ұзындығы 215 шақырымды құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Сұлтанов мәлімдеді.

Өңірде жолдардың сапасына бақылау күшейтілді. Бұл жұмыстар “KazRoadLab” цифрлық платформасы арқылы жүзеге асрылады. Құрылыс жұмыстарына қолданылатын материалдар мен зертханалық сынақтардың ашықтығы қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар жолдардың цифрлық паспорты толық әзірленді. Биыл бұл жұмыс жергілікті жолдарда да жүргізіледі.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында Өскемен, Алтай және Риддерде 7 мыңнан астам бейнебақылау камерасы мен 243 «Мерген» аппараттық кешені жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына фото және бейнетіркеу камераларын орнату мәселесі де қарастырылуда.

Новые статьи

Более 1 700 нарушений ПДД выявили полицейские ВКО в ходе ОПМ «Безопасная дорога»

В Восточно-Казахстанской области продолжается оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасная дорога», направленное на предупреждение дорожно-транспортных происшествий и повышение дисциплины среди участников дорожного движения. За шесть дней проведения ОПМ...

ШҚО полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1 700-ден астам ЖҚЕ бұзушылығын анықтады

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шараның жеті күні ішінде полиция...

Обещал водительское удостоверение: житель Зайсана лишился более 6,6 млн тенге

В Зайсанском районе зарегистрирован факт мошенничества, связанный с обещанием оказать содействие в получении водительского удостоверения. По данным следствия, житель города Зайсан 2005 года рождения обратился...

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде берген: Зайсандық тұрғын 6,6 млн теңгеден астам қаржысынан айырылды

Зайсан ауданында жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесемін деген уәдемен жасалған алаяқтық фактісі тіркелді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылы туған Зайсан қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, танысы жүргізуші...