Инвестициядан нақты жобаларға: ШҚО әкімдігі мен «Тарбағатай Мұнай» ЖШС меморандумға қол қойды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-мен меморандумға қол қойылды. Құжатта компанияның Сарыбұлақ кен орнын игеру аясындағы инвестициялық міндеттемелерін жүзеге асыру көзделген.

Инвестициялық қаражат өңір тұрғындары үшін маңызды жобаларды іске асыруға бағытталады. Атап айтқанда, Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылында тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып дәріхана салу, су электр станциясының құрылысын қаржыландыру, туризм мен экономика салаларындағы жобаларды қолдау және Зайсан ауданында битум өндіретін зауыттың іске қосылуына жағдай жасау жоспарланған.

«Шығыс Қазақстан үшін ірі инвестицияларды тарту ғана емес, оларды қалалар мен аудандардың нақты дамуына бағыттау маңызды», – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысы әр ауданның өзіндік даму әлеуеті бар екенін атап өтті. Бір өңірдің басымдығы – өнеркәсіп болса, енді бірінде ауыл шаруашылығы немесе туризм қарқынды дамып келеді.

«Біздің міндетіміз – инвесторлардың өңірге келуіне қолайлы жағдай жасап, жаңа жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік беру. Ең бастысы, тұрғындар нақты өзгерістерді көріп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуі тиіс», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Шығыс Қазақстан облысында инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Мұндай жобалар инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің өмір сүруге, кәсіп жүргізуге әрі туризмді дамытуға қолайлы аймақ ретіндегі тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Новые статьи

ШҚО командасы Қостанайдағы ТЖМ кубогында екі күміс жүлде жеңіп алды

Қостанайда өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасы ТЖМ кубогы үшін өтіп жатқан IX турнирдің екінші жарыс күні аяқталды. Ерлер мен әйелдер «Кедергілері бар 100 метрлік...

Команда ВКО завоевала два серебра на Кубке МЧС в Костанае

В Костанае завершился второй соревновательный день IX турнира на Кубок МЧС Республики Казахстан по пожарно-спасательному спорту. Участники определили сильнейших в дисциплине «Преодоление 100-метровой полосы...

114 мың қазақстандықтың жүрек аурулары ерте сатысында анықталды

2025 жылы Қазақстанда артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға арналған скрининг аясында 1,7 миллион адам тексерілді. Нәтижесінде дәрігерлер 114 мыңнан астам пациенттен қан...

У 114 тысяч казахстанцев болезни сердца выявили на ранней стадии

В 2025 году в Казахстане обследовали 1,7 миллиона человек в рамках скрининга на раннее выявление артериальной гипертонии и ишемической болезни сердца. В результате врачи выявили...