ШҚО мен «Тарбағатай Мұнай» әлеуметтік және инвестициялық міндеттемелерді бекітті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен «Тарбағатай Мұнай» ЖШС компанияның қарсы инвестициялық міндеттемелерін іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Сарыбұлақ кен орнын игеруге байланысты жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерін орындаудың қосымша шарттарын бекітті.

Компания бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарда көзделген бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаны өз еркімен қаржыландыруға келісті.

Негізгі бағыттардың бірі – Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылының тұрғындарына арналған нысан салу. Бастапқыда дәріхана құрылысы жоспарланған болатын. Алайда меморандумға сәйкес, жергілікті атқарушы органның шешімімен оның орнына халыққа көбірек қажет басқа әлеуметтік маңызы бар нысан салынуы мүмкін. Қаржыландыру көлемі бұған дейін келісілген сома шегінде қалады, ал дайын ғимарат одан әрі пайдалануға беріледі.

Құжатта компанияның Шығыс Қазақстан облысында су электр станциясын салуды қаржыландыруға қатысуы да бекітілген. Тағы бір бағыт өңірдің экономикалық және туристік дамуына қатысты.

Сонымен қатар меморандум Зайсан ауданында қуаттылығы 30 мың тоннаға дейін жететін болашақ битум өндіру зауытына Сарыбұлақ кен орнынан мұнай жеткізуді көздейді. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін «Тарбағатай Мұнай» компаниясы шикізат жеткізе бастайды. Оның бағасы мен өзге де шарттарын тараптар жеке келісім арқылы айқындайды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ірі бизнес өндірісті дамытып қана қоймай, өзі жұмыс істейтін өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге де атсалысуы керектігін атап өтті. Оның айтуынша, компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі халықтың тұрмыс сапасын жақсартатын нақты жобалардан көрінуі тиіс.

Өңір басшысы Марқакөл және Зайсан аудандарының туристік әлеуеті жоғары екенін де атап өтті. Сондықтан инфрақұрылым мен туризм саласын дамытуға бағытталған инвестициялар Шығыс Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Сондай-ақ ірі өнеркәсіптік жобаларды іске асыру қоршаған ортаға ұқыпты қараумен және өңірдің табиғи байлығын сақтаумен қатар жүруі тиіс болғандықтан, экология мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.

Қол қойылған меморандум жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшартқа енгізілген толықтыруда көзделген инвестициялық міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылады. Құжат Шығыс Қазақстан облысында іске асырылатын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың тетігін айқындайды.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...