ШҚО командасы Қостанайдағы ТЖМ кубогында екі күміс жүлде жеңіп алды

Қостанайда өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасы ТЖМ кубогы үшін өтіп жатқан IX турнирдің екінші жарыс күні аяқталды. Ерлер мен әйелдер «Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту» сайысында мықтыларды анықтады.

Шығыс Қазақстан облысының құрамалары екі бірдей командалық есепте екінші орын алды. ШҚО әйелдер құрамасы қашықтықты 111,15 секундта еңсерді. Бірінші орынды 106,27 секунд нәтижемен Қостанай облысы иеленсе, 111,73 секунд көрсеткен Астана қаласы үшінші орынға тұрақтады.

Шығыс Қазақстан облысының ерлер командасы да күміс жүлде жеңіп алды. Команданың нәтижесі – 101,97 секунд. Астана қаласының құрамасы 99,81 секунд көрсеткішпен жеңіске жетті. Солтүстік Қазақстан облысы 103,65 секунд нәтижемен үшінші орын алды.

Әйелдер арасындағы жеке есепте Маңғыстау облысының өкілі Ситора Реджеметова 16,68 секунд нәтижемен жеңіске жетті. Қостанай облысынан Айдана Байтикова 17,08 секунд көрсетіп, екінші орын алды. Астана қаласының өкілі Кристина Подгородецкая 17,20 секунд нәтижемен үздік үштікті түйіндеді.

Ерлер арасында Солтүстік Қазақстан облысынан Ансар Шамшуллаев үздік нәтиже көрсетті – 16,38 секунд. Астана қаласының өкілі Райымбек Сарсекеев 16,47 секунд нәтижемен күміс жүлдеге ие болды. Қостанай облысынан Бекзат Мирамов 16,76 секунд көрсетіп, үшінші орын алды.

Турнир жалғасып жатыр. Жарыстың қорытынды күнінде қатысушылар «4×100 метрлік өрт эстафетасы» сайысында бақ сынайды. Осы сыннан кейін төрешілер IX турнирдің жалпыкомандалық есептегі жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...