Қазақстанда мәдени волонтерлік дамып келеді

Қазақстанда тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған волонтерлік қозғалыс дамып келеді. Президенттің тапсырмасымен елде Madenietti Mura жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба барлық өңірді қамтып, тұрғындарды тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеуге әрі қорғауға тартады.

Жоба аясындағы ең ауқымды шара «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы болды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Халықаралық волонтерлер жылына орайластырылды.

Тарихи ескерткіштердің аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарына Қазақстанның барлық өңірінен 900-ден астам волонтер қатысты. Елдің 20 өңірінде «Madenietti Mura волонтерлері» клубтары жұмысын бастады. Олардың мүшелері тарихи-мәдени мұраны тұрақты түрде сақтаумен айналысып, азаматтық белсенділікті дамытуға үлес қосады.

Ұйымдастырушылар еріктілерді даярлауға да ерекше көңіл бөлді. Өңірлерде өткен оқыту тренингтеріне 1000-ға жуық адам қатысты. Тағы 500 қатысушы «Мәдениет және тарих саласындағы волонтерлік қызмет негіздері» курсынан өтті.

Тарихшылар, өлкетанушылар мен музей қызметкерлері қатысушыларға арналған ашық кездесулер, дәрістер және шеберлік сабақтарын өткізді. Жас мамандар музейлерде тағылымдамадан өтіп, мәдени мұраны сақтау және дәріптеу саласында тәжірибе жинады.

Жоба аясында Madenietmura.kz цифрлық платформасы да дамып келеді. Ол волонтерлерді, тарихшыларды, мәдениет саласының өкілдерін, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдарды бір алаңға біріктірді.

Қатысушылар платформа арқылы бастамаларды үйлестіреді, ақпарат алмасады және жаңа еріктілерді тартады.

Madenietti Mura жобасы волонтерлік мәдениетті дамытуға, жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға және қоғамды Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...