Қазақ халқының тағдыры туралы роман Брайль қарпімен жарық көрді

Республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романының арнайы басылымы таныстырылды. Кітап Брайль қарпімен жарық көрді.

Таныстырылым барысында оқырмандарға шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы туралы айтылды. Романда қазақ халқының тағдыры баяндалып, ұлттық болмыс, туған жерге деген сүйіспеншілік, бірлік пен отансүйгіштік тақырыптары қозғалады.

2026 жылы «Тағдыр» республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға таңдалды.

Романның Брайль қарпімен басылуы зағип және нашар көретін оқырмандардың әдебиетке қолжетімділігін арттырып, кітап оқуды насихаттауға және ұлттық әдеби мұраны сақтауға ықпал етеді. «Тағдырдың» осындай форматта жарық көруі кітапты баршаға қолжетімді ету жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...