Өскемендегі Үлбі көпірінің бір жағында көлік қозғалысы шектеледі

Ертең облыс орталығындағы Үлбі көпірінің бір жағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Бұған жөндеу жұмыстары себеп. Бұл туралы Өскемен қаласының ТҮКШ бөлімінен хабарлады.

Айта кетейік, тұрғындар көпірдегі тарсылға көптен бері шағымданып жүр.

– 18 шілде күні сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Үлбі көпіріндегі деформациялық жікті жөндеуге байланысты Нұрмағамбетов көшесінен Спорт сарайына қарай бағытталған жолақта көлік қозғалысы ішінара шектеледі, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Жүргізушілерден жол бағытын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру сұралады.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...