Прокуратура ШҚО-дағы аурухананы 37 кәсіпкердің алдындағы қарызын өтеуге мәжбүр етті

Алтай ауданының прокуратурасы тауар жеткізіп, жұмыс орындап, қызмет көрсеткенімен, ауданаралық ауруханадан ақысын ала алмаған 37 кәсіпкердің құқығын қорғады.

Заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау барысында анықталды. Прокуратура «Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның жеткізушілер алдындағы мерзімі өткен берешекке жол бергенін анықтады.

Яғни, кәсіпкерлер өз міндеттемелерін орындаған, ал ақшасын уақытында алмаған. Кәсіпорын әлдебір себеппен жеткізушілер сәл күте тұрады деп шешкен. Алайда прокуратура мұндай ұстаныммен келіспеді.

Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін аурухана 37 кәсіпкерлік субъектісінің алдындағы қарызын толық өтеді. Төлемдердің жалпы сомасы 106,47 миллион теңгені құрады.

Қабылданған шаралар кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіріп, мемлекеттік кәсіпорынның бизнес алдындағы міндеттемелерін орындауына мүмкіндік берді.

Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықты сақтау және қолайлы бизнес ахуалын қалыптастыру жұмыстың басым бағыттары болып қала беретінін атап өтті.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...