«Семей орманындағы» ашық жалын сөндірілді

 

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы ашық жалын сөндірілді. Құтқарушылар өрт қайта тұтанбауы үшін бықсып жатқан жекелеген ошақтарды сөндіріп, аумаққа су шашуды жалғастырып жатыр.

17 шілде сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ жұмылдырылған. Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов өрт аймағына барды. Олар Абай облысының әкімі Берік Уәлимен бірге «Семей орманы» аумағындағы өрттің ең күрделі учаскелерін аралап, жағдайды бағалады.

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Министрлер өрт сөндіру жұмыстарының басшысының баяндамасын тыңдап, күштер мен техниканың орналасуын тексерді. Сондай-ақ құтқарушылар резервін жасақтап, күрделі учаскелердегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Ерлан Нысанбаев пен Берік Уәли өрт аумағын тікұшақпен де аралап шықты. Мамандар жағдайды бақылап, бықсып жатқан ошақтарды сөндіруді жалғастырып жатыр.

Түні бойы өрт сөндірушілер аумақтың периметрі бойынша жұмыс істеп, өрт жиегіне су шашты және жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін аумақты қарауылдады. Күн жарық болған соң жету қиын учаскелерде жұмыс істеу үшін өрт ошағының ішкі бөлігіне жаяу десант жіберілді.

Сонымен қатар авиация ішкі өрт ошақтарына көп көлемде су төге бастады. Өрт сөндіру жұмыстары басталғалы тікұшақтар 243 рет су төгіп, өрт ошағына 546 тонна су жеткізді.

16 шілде күні кешкі сағат 22:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге 623 адам, 169 бірлік жерүсті техникасы және 7 тікұшақ қатысқан. Сол уақытқа дейін авиация 154 рет су төгіп, 291 тонна су жеткізді. Қараңғы түскеннен кейін су төгу құрылғылары орнатылған тікұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды.

Өрт аумағында аздаған жаңбыр жауды. Қазгидрометтің мәліметінше, түнде де жауын-шашын күтілген.

Сағат 07:00-ге қарай жұмылдырылған күштер саны 769 адамға, техника 191 бірлікке, ал тікұшақтар 8-ге дейін көбейді. Осы уақытқа дейін авиация 219 рет су төгіп, 474 тонна су жеткізді.

Қазір резерват аумағында ашық жалын жоқ. Құтқарушылар өртті оқшаулау, аумаққа су шашу және бықсып жатқан жекелеген ошақтарды толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.

Новые статьи

Прокуратура ШҚО-дағы аурухананы 37 кәсіпкердің алдындағы қарызын өтеуге мәжбүр етті

Алтай ауданының прокуратурасы тауар жеткізіп, жұмыс орындап, қызмет көрсеткенімен, ауданаралық ауруханадан ақысын ала алмаған 37 кәсіпкердің құқығын қорғады. Заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың...

Прокуратура заставила больницу в ВКО рассчитаться с 37 предпринимателями

Прокуратура района Алтай защитила права 37 предпринимателей, которым межрайонная больница задолжала за уже поставленные товары, выполненные работы и оказанные услуги. Нарушения выявили во время анализа...

Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгерді

2026 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бір апта ішінде төмендеді. Қияр 4,6%, қызанақ пен сәбіз 3,2%...

Как изменились цены на продукты в Казахстане

По состоянию на 15 июля 2026 года в Казахстане за неделю снизились цены на ряд социально значимых продовольственных товаров. Огурцы подешевели на 4,6%, цены...