Қазақстанда жолдарға қойылатын экологиялық талаптар күшейтіледі

Қазақстанда алғаш рет автомобиль жолдарының экологиялық қауіпсіздігіне қатысты бірыңғай міндетті талаптар енгізіледі. Нормативті 2026 жылдың соңына дейін бекіту жоспарланған. Ол 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Құжатты «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ – ҚазжолҒЗИ әзірлеп жатыр. Талаптар жолдың бүкіл өмірлік цикліне, яғни жобалау, салу, жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану кезеңдеріне қолданылады.

Норматив топырақтың құнарлы қабатын сақтауды, жерүсті және жерасты суларын қорғауды, ластаушы заттар мен шаң шығарындыларын азайтуды, шу деңгейін төмендетуді, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды, сондай-ақ құрылыс аяқталғаннан кейін аумақтарды қалпына келтіруді қамтиды.

ҚазжолҒЗИ мамандарының пікірінше, экологиялық қауіпсіздік жол жабынының беріктігі секілді жол инфрақұрылымы сапасының міндетті бөлігіне айналуға тиіс. Жаңа құжат жолдың бүкіл өмірлік цикліне арналған бірыңғай ережелерді белгілеп, табиғатқа түсетін салмақты азайтуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға көмектеседі.

Бұған дейін жол жұмыстарының экологиялық қырлары міндетті күші жоқ ұсынымдармен реттеліп келді. Яғни оларды сақтау қажет деп есептелгенімен, нақты орындалуы орындаушыға байланысты болды. Жаңа норматив бұл талаптарды алғаш рет міндетті етеді.

Құжаттың жеке бөлімі су ресурстарын қорғауға арналады. Құрылыс алаңдарында жерүсті суларын бұру жүйесін ұйымдастыру, ластанған суды тазарту және тазартылмаған ағын суларды төгуге жол бермеу талап етіледі. Сондай-ақ мұнай өнімдері төгілген жағдайда жедел әрекет ету шаралары қарастырылған.

Жер ресурстарын сақтау үшін құрылысшылар топырақтың құнарлы қабатын алып, оны бөлек сақтауға міндеттеледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін бұл топырақ бүлінген аумақтарды қалпына келтіру кезінде пайдаланылуға тиіс.

Норматив биоалуантүрлілікті қорғауды да қамтиды. Жолдарды жобалау және салу кезінде жануарлардың мекендейтін жерлері мен көші-қон жолдарын, балықтардың уылдырық шашатын орындарын және құстардың ұя салатын аумақтарын ескеру қажет болады. Қажет болған жағдайда мұндай учаскелерге қоршаулар мен ескерту белгілері орнатылады.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...