Қазақстанда рақымшылық 590 мыңға жуық адамды қамтыды

Қазақстанда Мемлекет басшысы 1 шілдеде қол қойған рақымшылық туралы заңды іске асыру жалғасып жатыр. Құжат Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орайластырылған.

Рақымшылық ізгілік пен мейірімділіктің ауқымды көрінісіне айналды. Алайда мемлекет маңызды шектеуді де қарастырды: жеңілдік қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірмейтін және азаматтардың құқықтарын бұзбайтын жағдайларда ғана қолданылады.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізілді. Ол азаматтарды заңда көрсетілген баптар бойынша салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден босатады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ішкі істер органдарының желісі бойынша рақымшылық 590 мыңға жуық адамды қамтыды. Оларға қатысты жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын 1,3 миллионнан астам әкімшілік жазаны орындау тоқтатылды.

Ведомство рақымшылықтың бір рет қана қолданылатынын ерекше атап өтті.

– Рақымшылық – ізгілікке негізделген бір реттік шара және ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда кінәлілер заңнамаға толық сәйкес жауапқа тартылады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды заңды сақтауға, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуге және жауапкершіліктен құтылудың ең дұрыс жолы құқық бұзбау екенін есте ұстауға шақырады. «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау ғана қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі бола алады, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Осылайша, мемлекет азаматтардың ірі көлемдегі айыппұлдарын есептен шығарды. Алайда бұдан кейін жасалған құқық бұзушылықтар үшін заңда көзделген жауапкершілік толық көлемде қолданылады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...