Өскеменде суару машиналары ауаны салқындатып жүр

Аптап ыстыққа байланысты облыс орталығындағы көшелерді суару жиілігі артты.

Енді коммуналдық қызмет мамандары аптап кезінде ауаны аздап салқындатуға көмектесетін жаңа тәсілді қолданып жүр. Арнайы техника суды ұсақ дисперсті ағын түрінде бүркеді. Бұл ауаны салқындатып, күннің ең ыстық уақытында жылу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

– Бұл жұмыстар қала аумағын күтіп ұстау және абаттандыру аясында негізгі магистральдар мен көшелерде жүргізіледі. Олар қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасауға көмектеседі, – деп хабарлады Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Еске салайық, синоптиктердің болжамынша, облыс орталығында аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі.

Новые статьи

Как охраняли День города в Усть-Каменогорске

Более 120 тысяч жителей и гостей Усть-Каменогорска собрались на масштабные гулянья в честь Дня города. При таком количестве людей правоохранителям пришлось контролировать улицы, площади...

Лучший шубат Казахстана производят в Жанаозене

Шубат крестьянского хозяйства «Бірлік» из Жанаозена признали лучшим в Казахстане на фестивале SHUBAT FEST-2026. Гала-финал республиканского гастрономического фестиваля прошел в Актау. Он объединил отечественных производителей,...

Глава государства принял Премьер-министра Олжаса Бектенова

В ходе встречи Президент Касым-Жомарт Токаев обозначил ключевые задачи Правительства на предстоящий период и дал конкретные поручения по дальнейшему социально-экономическому развитию страны. Глава государства акцентировал...

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын...