Өскеменде аулаларды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Облыс орталығында аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Қазір Крылов көшесіндегі № 68 үйдің ауласында тротуар тақталарын төсеуге арналған негіз дайындалып жатыр: құм жеткізіліп, тегістелуде. Сонымен қатар мамандар төсемтас төсеп, аумақты одан әрі абаттандыру үшін тротуар тақталарының жаңа партияларын жеткізуде.

Сәтбаев даңғылындағы № 15 үйдің ауласында мамандар бетон негізін төсеп, бетін тегістеп, төсемтас орнатып жатыр.

Абай көшесіндегі № 3, 5 және 7 үйлердің аулаларына жаңа асфальтбетон жабыны төселуде.

– Аула аумақтарын кешенді абаттандыру бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жұмыстар тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған. Биыл барлығы шамамен 40 аула абаттандырылады, – деп хабарлады Өскемен қаласының ТҮКШ бөлімінен.

Сонымен қатар биыл облыс орталығында сегіз футбол алаңы жабдықталып, көлік тұрақтарын жасау үшін аула аумақтарын кеңейту жұмыстары басталады.

Новые статьи

Лучший шубат Казахстана производят в Жанаозене

Шубат крестьянского хозяйства «Бірлік» из Жанаозена признали лучшим в Казахстане на фестивале SHUBAT FEST-2026. Гала-финал республиканского гастрономического фестиваля прошел в Актау. Он объединил отечественных производителей,...

Глава государства принял Премьер-министра Олжаса Бектенова

В ходе встречи Президент Касым-Жомарт Токаев обозначил ключевые задачи Правительства на предстоящий период и дал конкретные поручения по дальнейшему социально-экономическому развитию страны. Глава государства акцентировал...

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын...

Глава государства принял Вице-Президента Ерлана Карина

Касым-Жомарт Токаев отметил, что должность Вице-Президента закреплена Конституцией Республики Казахстан и имеет особое значение в системе государственного управления. Президент поставил перед Ерланом Кариным ряд конкретных...